logo
2-сем практ 1-7 апта

Ахмет байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы – Шоқан, Ыбырай, Абайдың ағартушылық істерін жалғастырушы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

А.Байтұрсынұлы 1886-1891 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте, 1881-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.

Ол 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болды. А.Байтұрсынұлы республика халық-ағарту комиссары, Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Жоғары оқу орындарында профессор болды.

А.Байтұрсынұлы орыс әдебиеті үлгілерін пайдаланып, аударма жұмысымен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарды. А.Байтұрсынұлының Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген кітабы жарыққа шықты.

Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезов: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласының істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» деген еді. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жала жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.

Қазір ҚР Ұлттық Академиясының Тіл білімі институты Ахмет Байтұрсынұлы атымен аталады. Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атында үлкен көше бар. Сол көшеде Ахмет Байтұрсынұлының мұражайы орналасқан. (А.Исанова. «Мәтіндер жинағы», Алматы, РБК, 2002 ж.).

І. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. А.Байтұрсынов қай жылдары өмір сүрген?

2. Ол қай жерде дүниеге келген?

3. Ол кімдердің ісін жалғастырушы?

4. А.Байтұрсынов қандай қызметтер атқарған?

5. И.Крыловтың қандай еңбегін аударған?

6. А.Байтұрсыновтың Ташкенттен қандай еңбегі жарық көрді?

Yandex.RTB R-A-252273-3
Yandex.RTB R-A-252273-4